Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағаты университет студенттеріне арнап ауызашар ұйымдастырды.
⠀
Рухани мазмұнға толы бұл игі іс-шараға 15 студент қыз қатысып, ауызашар дастарқанынан дәм татты.
Кеш барысында мешіт ұстазы Бақыт Амантайқызы «Иман» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, жиналған жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Бұл ізгі амал студенттерге рухани қолдау көрсетіп, олардың имандылыққа деген ынтасын арттыра түсті.
⠀
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
Студенттер «Әл-Ғаффар» мешітінде ауызашар дастарханында бас қосты



