Мың айдан да қайырлы Қадір түніне орай бүгін, 26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы облыстық «Әнет баба» мешітінде 600 адамға арналған ауызашар дастарханы жайылды. Ізгі іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өтті.
Ауызашар барысында жамағатқа Қадір түнінің маңызы, дұғаның қабыл болуы, кешірім мен мейірім, ауызбіршілік пен ізгі амалды жүзеге асыру жөнінде тағылымды уағыз айтылды.
Сондай-ақ Құран оқылып, ел амандығы мен берекесі үшін дұғалар жасалды.
Игі іске жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт жамағаты атсалысып, берекелі дастархан жайылуына үлес қосты.