Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінің имамына жамағат ұмра қажылығына жолдама табыстады
«Төлеутай ата» мешітінің имамына жамағат ұмра қажылығына жолдама табыстады

Дін мен елге қызмет ету – ең аяулы еңбек. Қасиетті Рамазан айында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің жамағаты мешіт имамы Рауан Төлеубекұлына Ұмра қажылығына жолдама тарту етті.

 

Асыл дініміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан имам Рауан Төлеубекұлының еңбегіне деген шексіз ризашылықтарын жамағат осылай білдірді.

Сонымен қатар, жамағат атынан иығына заманауи үлгідегі қазақы шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Жамағаттың шынайы ықыласына бөленген мешіт имамы алғысын білдіріп, ақжарма ризашылығын жеткізді.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz