Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Жұмабек және Құрма ауылдарында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Игі іс-шара Абай ауданына қарасты Жұмабек ауылдық «Жұмабек» мешіті мен Құрма ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен, облыстың бас имамы Асхат Төлеуқұлұлының ұйытқы болуымен өтті. Шара барысында көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға азық-түлік салынған арнайы себеттер таратылды.
Рамазан айында ұйымдастырылған бұл қайырымдылық бастама ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп, ел ішінде бірлік пен мейірімділікке жол ашты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі