Қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай Саран қалалық мешітінде соңғы тарауих намазы оқылды. Жамағат ай бойы атқарылған құлшылықтарын қорытындылап, қасиетті Қадір түнінен кейінгі рухани сәттерді бірге өткізді.
Мешіттің бас имамы Нұржігіт Мұсабеков жамағатқа насихат айтып, Рамазан айында жасаған ізгі амалдардың қабыл болуын тілеп, жамағатқа алғысын білдірді.
Жамағат бір-біріне жақсы тілектер айтып, Алла Тағаладан келесі Рамазан айына аман-есен жеткізуін сұрап, дұға жасады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі