Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде Ораза айт мейрамы аталып өтті
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде Ораза айт мейрамы аталып өтті

Қарағанды қаласындағы «Төлеутай ата» мешітінде мұсылман қауымының ең ұлық мейрамдарының бірі – Ораза айт ерекше сән-салтанатпен тойланды.

 

Айттың алғашқы күні Алла үйіне жиналған жамағатқа «Төлеутай ата» мешітіінің имамы Рауан Төлеубекұлы ізгі тілегін арнап, қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады.

Имамның құттықтауынан кейін жамағатпен бірге айт намазы оқылып, Алла Тағалаға мадақ айтылып, шүкіршілік жасалды.

Мерекелік күннің құрметіне мешіт тарапынан балаларға арнайы айттық әзірленіп, теңдей үлестірілді. Бұл – бүлдіршіндердің де айт мейрамының қуанышын сезінуіне зор сеп болды.

Ораза айт – мейірім мен мейрамның, сауап пен шүкіршіліктің күні. «Төлеутай ата» мешітінің жамағаты бұл күнді шынайы ықыласпен қарсы алып, айттың шапағатын бірге бөлісті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz