Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің наиб имамы Дастан Абдрахманов жамағатқа «Жастар тәрбиесі және ихсан ілімі» тақырыбында насихат айтты.
Рухани кездесуде имам жастарды адамгершілікке, тақуалыққа, ізгі амалдарға үндеп, ихсан ілімінің мәні мен маңызын тереңірек түсіндірді.
Уағыз соңында дәстүрлі түрде «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылып, жастар көкейде жүрген діни сауалдарына нақты жауаптар алды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі.