Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұжымы көктемгі сенбілікке шықты
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұжымы көктемгі сенбілікке шықты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы аясында, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Таза мешіт» атты бастамасы Қарағанды облысында жалғасын тапты.

 

Игі істі Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы ұйымдастырды. Бұл бастамаға Қарағанды облытық «Әнет баба» мешітінің ұжымы мен жамағаты бір адамдай қатысып, мешіт ауласында көктемгі тазарту жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шара ұжымның ынтымағының артуына, тазалыққа баса мән беруге және мешіт қызметіне деген жауапкершілікті күшейтуге өз септігін тигізді.

Игі бастама облыс аумағындағы барлық мешіттерде де жүзеге асты. Аула мен айналаны күл-қоқыстан тазалау, санитарлық талапты сақтау жұмыстары көпшілікке үлгі боларлық деңгейде өтті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz