«Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының тапсырмасымен мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы шәкірттерге «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.
Жиында мұсылманның көркем мінезі мен үлгілі болмысы насихатталып, шәкірттерге имандылықтың мәні түсіндірілді. Сондай-ақ пайғамбарлар мен ғұламалардың өмірінен мысалдар келтіріліп, ғибрат боларлық әңгімелер айтылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі