Әлихан Бөкейхан атындағы аудандағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қуанышқа бөлеу мақсатында дастархан жайылып, 230 адам тамақтандырылды. Қамқорлық пен ізгілікке негізделген бұл ізгі іс демеушілердің қолдауымен жүзеге асты.
Мұндай иі бастама – ерекше жандардың қоғамнан шет қалмай, қолдау мен мейірімге бөленуіне жол ашатын сауапты істердің бірі. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да мұндай қайырымдылық жұмыстарын жалғастыруды көздеп отыр.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі