Қарағанды қаласындағы «Әл-Машани» мешітінде шәкірттерге арналған «Мазһаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында рухани насихат жүргізілді.
Іс-шара барысында мешіттің наиб имамы Рахметов Қанат мазһаб ұстанудың діни тұтастық пен рухани тұрақтылықтағы орны туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ ол ата-бабаларымыз ұстанған жолдың негіздері мен оның қазіргі таңдағы маңыздылығы жайында баяндап, шәкірттерді дұрыс діни бағытта болуға шақырды.
Жиын соңында шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі