Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде ақсақалдар алқасы бас қосты
Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде ақсақалдар алқасы бас қосты

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде бас имам Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен мешіт ұжымы мен аталар мектебінің қатысуымен маңызды жиын өтті. Жиналыстың басты мақсаты – мешіттің қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты мәселелерді ортаға салып, бірлескен шешімдер қабылдау болды.

Басқосу барысында мешіттің күнделікті діни, рухани қызметтерімен қатар, күрделі құрылыс жұмыстары да сөз болды. Әбілхайыр имамның жетекшілігімен қолға алынған мешіттің кеңейту және жаңғырту жұмыстарын жоспарлады. Бұл игі бастама – жамағатқа кең әрі жайлы құлшылық орнын ұсынуға, сонымен қатар діни-ағартушылық жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Ақсақалдар алқасы бұл істі үлкен ризашылықпен қарсы алып, құрылыс жұмыстарына қолдау көрсететінін білдірді. Олар дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеп, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін де атап өтті. Жиында айтылған ізгі ниеттер мен ұсыныстар мешіт қызметінің жандануына жаңа серпін берері сөзсіз.

Жиын соңында қатысушылар ел амандығы мен мешіттің көркеюін тілеп, арнайы дұға жасады. «Нұр» мешіті – Шахтинск халқының рухани тірегі, бірлік пен берекенің мекені ретінде өз қызметін одан әрі жалғастыра бермек.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz