Center Image
IHSAN.KZ
«Тазалық – иманнан» іс-шарасы Балқашта жалғасты
«Тазалық – иманнан» іс-шарасы Балқашта жалғасты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен іске асырылып жатқан «Тазалық – иманнан» атты игі шара Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінде өз жалғасын тапты.

Мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ерікті жастар тобы қала маңындағы бірнеше зиратта тазалық жұмыстарын жүргізіп қайтты. Қорым аумағындағы қоқыс жиналып, айнала ретке келтірілді.

Игі іс-шара барысында наиб имам жастарға «Тазалық – иманнан: өліге құрмет, тіріге міндет» тақырыбында насихат айтты. Сондай-ақ, марқұмдарға Құран бағышталып, дұға жасалды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz