Center Image
IHSAN.KZ
«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Абайдың рухани мұрасы дәріптелді
«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Абайдың рухани мұрасы дәріптелді

Қарағанды қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» атты танымдық іс-шара өтті. Рухани мазмұндағы бұл басқосу қазақтың ұлы ақыны, ойшыл ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Іс-шараға Е. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің профессоры, ғалым Мұхамедқали Әбдуов арнайы шақырылып, студент жастар мен мешіт жамағатына хакім Абайдың қара сөздеріндегі иман, ар-ұят, ғылым, ізгілік секілді асыл құндылықтар туралы тағылымды ойлар айтты. Ғалым Абай мұрасын бүгінгі қоғаммен сабақтастыра отырып, рухани сананың жаңғыруына бағытталған насихат жүргізді.

Сондай-ақ жиында тарихи діни қолжазбалар таныстырылып, ислам діні мен ұлттық дәстүрлер арасындағы өзара үйлесім мен жарасым мәселелері кеңінен қозғалды. Дін мен дәстүрдің біртұтастығы – халықтың рухани тамырын терең түсінуге жол ашатыны ерекше аталып өтті.

Кеш соңында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы жамағатқа діни әдебиеттерді тарту етіп, жастарға имани білімнің маңызын түсіндірді.

Мұндай игі басқосулар елдің рухани бірлігі мен ұлттық болмысты сақтау ісіне серпін берері сөзсіз.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz