Center Image
IHSAN.KZ
Жұмысшылар жылында еңбек ұжымына құрмет көрсетілді
Жұмысшылар жылында еңбек ұжымына құрмет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшылар жылы» деп жариялауына орай Қарағанды қаласында арнайы іс-шара өтті. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, Қарағанды облыстық «Уақып» пен «Зекет және қайырымдылық» қорларының ұйымдастыруымен саябақ тазалығына жауапты жұмысшыларға арнап дастархан жайылып, ас берілді.

Игі іс-шара барысында жұмысшыларға алғыс айтылып, қоғам игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген қарапайым еңбек адамдарының мәртебесі биік екені ерекше атап өтілді. Сонымен қатар ұлттың салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында жұмысшылар арасында асық ату сынды ұлттық ойын ұйымдастырылды.

Іс-шара Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен, ҚМДБ бекіткен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында, «Уақып» қорына жауапты Бақдәулет Қыдырбайұлы және «Зекет және қайырымдылық» қорына жауапты Асылхан Рахымжанұлы мұрындық болуымен жүзеге асты.

Мұндай шаралар еңбек адамына деген сыйластықты арттырып қана қоймай, рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жол ашады.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz