ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып жатқан «Өткенге құрмет – тіріге міндет» зираттарды тазалау іс-шарасы Абай ауданына қарасты Топар кентінде де қарқынды жалғасты.
Тазалық жұмыстары Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлының ұйытқы болуымен өтті. Іізгі іске кент тұрғындары мен мешіт жамағаты белсенді түрде атсалысты.
Іс-шара барысында марқұмдардың рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.
Айта кетейік, бұған дейін де кенттегі басқа зират басында да осындай тазалық жұмыстары жүргізілген.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі