Center Image
IHSAN.KZ
«Әлихан Бөкейхан» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды
«Әлихан Бөкейхан» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды

Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің  имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен дүниеден өткен ата-бабалар рухына Құран хатым дұғасы жасалды.

Іс-шара аясында қасиетті Құран аяттары оқылып, азаттық жолында ел үшін, Алла жолында шейіт болғандарға, батырларымыз бен билерімізге, хан-сұлтандарымызға, ғұмырында имандылық жолда жүрген және халыққа қызмет атқарған азаматтарға, ата-бабаларымыздың, аналарымыздың, мұсылман болып өткен барша марқұмдардың рухына арнап, амалдарының қабыл болып,имандарының саламаттығы мен жәннаттан орын алуына тілек-дұғалар бағышталды.

Бұл іс-шара — рухани сабақтастықты жаңғыртып, өткенге тағзым етудің көркем көрінісі болды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz