Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде діни оңалту бағыты аясында мешіт жамағатымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Шараға мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы мұрындық болды.
Жиын барысында «Жат ағымның алдын алу» және «Теріс ағымның аражігін ажырату» тақырыптарында насихат айтылып, жамағатқа маңызды рухани мағлұматтар жеткізілді.
Кездесу соңында жамағат құрметіне дастархан жайылып, ас берілді. Сонымен қатар, Құран оқылып, Ұлы Отан соғысында шейіт болған бабалардың рухына дұға бағышталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі