Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен рухани тәрбие мен саламатты өмір салтын ұштастыру мақсатында әр бейсенбі сайын жамағат арасында футбол ойындары ұйымдастырылып келеді.
Игі мақсатты көздеген бұл спорттық бастама — жамағат арасындағы бауырмалдық пен ынтымақты арттырып, денсаулықты нығайтуға арналған зор мүмкіндік. Спорт пен иман үндестігін насихаттаған бұл игі іс жастарға да өнеге әрі серпін бере бастады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі