«Бала қажы» мешітінде «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Неке қиған жас отбасылармен қатар мешіт жамағаты да қатысып, тақырып аясында кең көлемде түсіндіру жұмыстары өтті.
Жиын барысында қоғамдағы көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуда әкенің рөлі ерекше екені айтылды. Әкенің дұрыс тәрбиесімен текті ұрпақ өсіп, берекелі отбасы қалыптасатыны насихатталды. Қатысушылар тарапынан қойылған бірнеше сұраққа нақты жауап беріліп, тақырып аясында маңызды мәліметтер ұсынылды.
Мешіт имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы осындай тәрбиелік мәні бар іс-шараларға ерекше назар аударып келеді. Бұл кездесу де жамағатқа пайдалы ой салған тағылымды басқосу болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі