Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің наиб имамы Жасұлан Манатұлы Шет ауданының аудандық ауруханасында болып, ақ халатты абзал жандармен кездесті.
«Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында өткен кездесуде имам дәрігерлерге адалдық, жауапкершілік, еңбек еткен адамның қоғамдағы орны жайлы уағыз-насихат айтты. Жиынға қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі