Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы «Әлихан Бөкейхан» мешітінің бас имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен мешіт жанынан «Әкелер және Аналар мектебі» қайта жанданып, өз жұмысын жалғастырды.
Бұл бастама – ұрпақ тәрбиесіне аса мән беретін халқымыздың асыл дәстүрін жаңғыртып, отбасы институтын нығайтуға бағытталған игі қадам. Мектеп аясында ата-аналарға рухани, психологиялық және тәрбиелік бағыттағы дәрістер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар жас ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты шариғи әрі ұлттық құндылықтарға негізделген кеңестер беріледі.
Жобаның басты мақсаты – жауапты әке мен мейірімді ананың тұлғасын қалыптастыру арқылы отбасының рухани тірегін күшейтіп, қоғамға үлгілі ұрпақ тәрбиелеу. Мешіт ұжымы алдағы уақытта аталмыш мектеп аясында тұрақты түрде тағылымды кездесулер мен тәрбиелік жобалар өткізуді жоспарлап отыр.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі