Center Image
IHSAN.KZ
Түркістанда Арқаның үш батырына ескерткіш қойылып, көше атаулары берілді
Түркістанда Арқаның үш батырына ескерткіш қойылып, көше атаулары берілді

Түркістан қаласында Арқа өңірінен шыққан Арғын тайпасының үш батыры – Аралбай, Жарылғап және Тәңірімберді  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанында жерленген. Енді осы Түркістан қаласында батыр бабаларымызға еңселі ескерткіш орнатылып, олардың есімдері үш көшеге берілді.

Тарихи сапар барысында елден арнайы барған азаматтар үш батыр мен Қазыбек би бабамыздың ескерткішіне зиярат жасап, рухтарына Құран бағыштады.

Іс-шара аясында Бұқар жырау ауданы, Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Нұржан Оңғарбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Дархан дала» жобасы бойынша жиналған жұртқа тағылымды уағыз-насихат айтып, елдік пен бірлік жайлы ой қозғады.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz