Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде рухани кеш өтті
«Қазыбек би» мешітінде рухани кеш өтті

Аптаның әр бейсенбі күні берекелі дастархан басында бас қосуды үрдіске айналдырған Қарағанды қаласындағы «Қазыбек би» мешітінің жамағаты дәстүрлі рухани кеште тағы бір мәрте бас қосты.

Жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, рухани тәрбие беруді көздеген кеш барысында мешіт жамағатына дастархан жайылып, ізгі насихаттар айтылды. Мешіттің наиб имамы Дастан Абдрахманов жиналған жамағатқа «Муннабихат» кітабы бойынша дәріс жүргізіп, діни тағылыммен бөлісті.

Сонымен қатар, қазіргі қоғамда кең етек жайып отырған жат ағымдардан сақтану, олардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Дәстүрлі дін құндылығы» тақырыбында насихат айтылды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz