Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайларға арналған тағылымды рухани кездесу ұйымдастырылды.
Жиында ақ некенің қадірі, отбасылық өмірдің жауапкершілігі мен қоғамдағы орны жайлы өнегелі уағыз-насихат айтылды. Бұл сұхбатты мешіттің бас имамы Нұржігіт Мұсабеков жүргізіп, жас отбасыларға иманды, берекелі шаңырақ құрудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар тұрмыста кездесетін рухани әрі әлеуметтік мәселелерге қатысты пайдалы кеңестер де берілді.
Игі басқосу мүфтият бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында өткізіліп, жастардың рухани тәрбиесіне оң ықпал етуді мақсат етті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі