Center Image
IHSAN.KZ
Мәйітті жуындыру мен кебіндеу сабағы өтті
Мәйітті жуындыру мен кебіндеу сабағы өтті

Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінде әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен «Мәйітті жуындыру және кебіндеу» тақырыбында практикалық сабақ өтті.

Сабақты «Әл-Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы жүргізіп, жамағатқа мәйітті шариғат талаптарына сай жуындырып, кебіндеудің жолдарын іс жүзінде көрсетті. Семинар барысында қатысушылар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, жаназа рәсімдеріне қатысты діни білімдерін толықтырды.

Сабақ соңында «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы «Өлімді еске алу – өмірге жаңаша қарау» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, жамағатты рухани тұрғыда ойлануға шақырды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz