2025 жылғы 31 мамырда Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жұма намазында арнайы Құран оқылып, дұға жасалды.
Қасиетті аяттар елінің еркіндігі жолында жазықсыз жапа шеккен бабалар рухына бағышталып, жамағат бірге дұға қылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі