2025 жылғы 30 мамырда «Әл-Ғаффар» мешітінде кезекті қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Бұл жолы 12-шағын ауданда тұратын жалғыз басты анаға әлеуметтік көмек көрсетіліп, оның күнкөріс жағдайын жеңілдетуге қолдау білдірілді.
Іс-шараның басты мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қоғамда қайырымдылық пен жанашырлықты насихаттау. Қайырымдылық жасау да, оны қабылдау да – адамгершіліктің және рухани тәрбиенің айқын көрінісі.
Көрсетілген көмектен кейін жалғыз басты ана мешіт қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, балалары атынан ризашылығын айтты.
«Әл-Ғаффар» мешіті алдағы уақытта да осы бағыттағы игі істерді тұрақты түрде жалғастыруды мақсат етеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі