Center Image
IHSAN.KZ
«Бұқар Жырау» мешітінде қуғын-сүргін құрбандарына Құран хатым бағышталды
«Бұқар Жырау» мешітінде қуғын-сүргін құрбандарына Құран хатым бағышталды

Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тағылымды іс-шара болып өтті. Жиын барысында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына Құран хатым бағышталды.

Игі бастамаға мешіттің наиб имамдары Аманбол Рымқұлұлы мен Медет Сұлтанұлы қатысып, жиналған жамағатпен бірге аруақтарға дұға жасалды. Құран аяттары оқылып, ел басынан өткен зұлмат жылдардың зардабы еске алынды.

Содан кейін мешіт ауласында 350 адамға арналған палау даярланып, келген жамағатқа дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Бұл — елдің өткені мен бүгінін сабақтастырып, ұрпақ жадында сақтауға бағытталған тағылымы мол рухани басқосу болды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz