31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында аруақтарға Құран бағышталып, дұға жасалды.
Аудан әкімдігі мен жергілікті тұрғындар зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына тағзым етіп, еске алу жиынына белсене қатысты.
Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы рухани игі бастамаға арнайы қатысып, Құран оқып, хатым дұғасын жасады.
Бұл – ел басынан өткен нәубетті кезеңдердің ұмытылмауына, жас ұрпақтың тарихи жады мен рухани санасын оятуға бағытталған тағылымы мол іс-шара болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі.