1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Шахтинск қаласының «Нұр» мешіті бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Игі іс-шара аясында мешіт ауласында жиналған балаларға балмұздақ таратылып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Мешіт имамдары бұл – баланы қуантудың сауапты іс екенін атап өтті. Жұртшылық та ризашылығын білдіріп, балалар мәз-мейрам болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі