Center Image
IHSAN.KZ
Ақжал ауылының халқы тасаттық берді
Ақжал ауылының халқы тасаттық берді

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ақжал кенті мешітінің имамы Абильмашев Богдан Насырұлының ұйымдастыруымен Қарабұлақ және Сұлтанбұлақ басында тасаттық рәсімі өткізілді. Іс-шараға Ақжал кентінің жастары белсенді түрде қатысып, жауын тілеу ниетімен «Истисқа» намазы оқылды.

Рухани іс-шара барысында бір сиыр мен бір қой құрбандыққа шалынды. Құрбандық еті аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж 24 отбасыға үлестірілді.

Игі бастама — жастардың имандылыққа бет бұрып, бірлік пен қайырымдылыққа үн қосқанын білдіреді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz