Қасиетті зул-хиджа айында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде тағы бір адам Ислам дінін қабылдады.
Мешітке келген кәріс ұлтының өкілі Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылман болуға ниет білдірді. Хақ дінді қабылдауға келген азаматқа «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Түменбай Дархан кәлима шахадатты айтқызып, Исламның бес парызы мен мұсылман өмірінің негіздерін түсіндірді.
Сондай-ақ жаңа мұсылманға арнайы мұсылман куәлігі табысталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі