Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінде құрбан шалу рәсімі жүргізіліп жатыр
Абай аудандық мешітінде құрбан шалу рәсімі  жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде құрбан шалу рәсімі басталып кетті.

Таң сәріде бір сапта тұрып, айт намазын оқыған жамағат ұлық мейрамның басты шарттарының бірі — құрбан шалу рәсімін жүзеге асыруға кірісті.

Құрбандық еті «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға, көпбалалы жандарға, жалғызбасты аналарға, жетімдер үйі мен қарттар үйіне үлестіріледі.

Бұл игі іске мешіт шәкірттері мен еріктілер тобы жұмылдырылмақ.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz