Қасиетті Құрбан айт мейрамы Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінде жоғары деңгейде аталып өтті.
Мешіт имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен айт намазынан кейін жамағатқа ас берілді.
Мешіт ауласында спорттық ойындардан сайыстар өтті.
Атап айтқанда, жамағат қой көтеру, қол күресі, үстел теннисі және арқан тарту ойындарынан бақ сынасты.
Жеңімпаздар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі