Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен жеткіншектерге арналған кезекті қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен мерекеге орай балаларға арналған көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылды.
Мешітте арнайы аниматорлар өнер көрсетіп, балаларға сұрақ-жауап ойындарын өткізді.
Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары — асық ату мен арқан тартудан сайыстар ұйымдастырылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі