Жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын ұлық мерекенің бірі - Құрбан айт мейрамы.
Осынау ұлық мейрамда Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен жас жеткіншектерге айттық таратылды.
Берекелі іс-шара барысында бүлдіршіндерге ойын-сауық ойнатылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, сыйлықтар үлестірілді.
Осындай ерекше қуаныш сыйлаған мешіттің дін қызметкерлеріне ата-аналар қауымы өздерінің ыстық лебізі мен алғыстарын атап өтті.