Center Image
IHSAN.KZ
«Әлихан Бөкейхан» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді
«Әлихан Бөкейхан» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Теміртау қаласындағы орталық «Әлихан Бөкейхан»  мешітінде әйелдер жамағатының ұйытқы болуымен тазалық жұмыстары атқарылды. Игі істі Ақниет Дәуірғалиқызы мен Амина Бахытжанқызы ұйымдастырды.

Іс-шара барысында мешіттің ішкі бөлмелері, дәрісханалары мен ауласы тазаланып, құлшылық ордасы абаттандырылды. Жамағат арасындағы бірлік пен ынтымақты арттырған бұл жұмыс көпшілік тарапынан оң бағаланды.

Мешіт ұжымы тазалыққа үлес қосқан барша азаматтарға ризашылық білдіріп, мұндай сауапты істер алдағы уақытта да жалғасын табады. . 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz