Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық спорт түрі — қазақ күресіненн сайыс ұйымдастырылды. Игі бастаманы мешіттің бас имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы қолға алды.
Сайыс Қаркен қажының ұлдары, жеке кәсіпкерлер Омарбеков Алмас пен Омарбеков Қайдардың, сондай-ақ спорт жанашырлары Тоханов Мақсат пен Тілеубек Аманжолдың қолдауымен жүзеге асты.
Жарыс үш салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Нәтижесінде:
70 келі салмақ дәрежесінде — Егінбай Әбілмансұр жеңімпаз атанды
90 келіге дейінгі салмақта — Иманқұлов Мейрамбек 1 орынды иеленді
Түйе палуан (90+ кг) бәсекесінде:
1 орын — Қайыржанұлы Әділхан
2 орын — Нықаш Дидар
3 орын — Салауат Д.
Жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.
Мерекелік іс-шара ел рухын көтеріп, ұлттық спорт пен бауырмалдықты дәріптеуді мақсат етті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі.