Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағаттың діни танымын арттыруға бағытталған «Бір айда бір кітап» жобасы аясында тағылымды дәріс өтті.
Мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жамағатқа «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы бойынша дәріс өткізіп, кітаптың мазмұнын кеңінен түсіндірді.
Сабақ барысында ең маңызды тараулардың бірі – «Алла Тағалаға ихсан» тақырыбы жан-жақты талданып, жамағатқа түсінікті тілмен баяндалды. Сонымен қатар қатысушылардың сауалдарына жауап беріліп, өзара пікір алмасты.
Аталған жоба мешіт жамағатын кітап оқуға баулу арқылы діни әрі рухани дамуына ықпал етуді мақсат етеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі