ҚМДБ бастамасымен Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.
Курстың алғашқы күнінде Саран қалалық мешітінің наиб имамы Дәуржан Ерболатұлы жазғы демалыс уақытында діни білім алуға ниеттенген бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.
Мешіт ұстаздары балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, дәріс кестелерімен таныстырды. Ұл балаларға мешіттің білікті ұстаздары, ал қыз балаларға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұстаздары білім береді.
Курс барысында «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» секілді пәндер оқытылып, балаларға рухани тәрбие беретін дәрістер мен қызықты ойын-сауық сәттері де ұйымдастырылатын болады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі