«Бұқар жырау» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық бағытындағы «Жаратқанға құрбан шалып жақындайық, ағайын» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мешіттің имамы Орманбет Болатұлының бастамасымен өткен игі іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға құрбандық еті таратылды.
Бұл – мешіт жамағатының бірлігі мен жанашырлығының жарқын көрінісі болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі