Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласында жазғы діни сауат ашу курсы басталды
Шахтинск қаласында жазғы діни сауат ашу курсы басталды

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде дәстүрлі «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Аталған игі іс-шараның мақсаты – жас буынға имандылық тәрбие беру, Құран әліппесін үйрету және діни білімін жетілдіру.

Курстың алғашқы сабағын мешіттің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы өткізіп, шәкірттерге Ислам дінінің негіздері мен көркем мінездің маңыздылығы жөнінде насихат айтты. Оқу барысында негізгі құрал ретінде «Имандылық әліппесі» кітабы қолданылып келеді.

Биылғы жазғы бағдарламаға 25 жас шәкірт қабылданып, діни білім алуға ниет білдірді. Мешіт ұжымы шәкірттерге қолайлы орта қалыптастырып, рухани сабақтармен қатар тәрбиелік бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz