Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде маңызды рухани бағыттағы іс-шара өтті. Мешіттің бас имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» құжатының таныстырылымына арналған арнайы семинар өткізілді.
Семинар барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің «Дін мен дәстүр» бөлімінің жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы Әбілдаев құжаттың негізгі бағыттары мен мазмұнын жан-жақты түсіндіріп берді.
Іс-шараға қала тұрғындары, ақсақалдар, ақ жаулықты аналар және әр сала өкілдері қатысты. Жиын барысында құжатта көтерілген маңызды мәселелер талқыланып, төмендегі ұсыныстарға баса назар аударылды: