Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде рухани тәлім-тәрбиеге негізделген ерекше басқосу өтті. Атап айтқанда, аталар мен әжелер мектебінің өілдері ақ дастархан басына жиналып, бірлік пен берекенің үлгісін көрсетті.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің «Дін мен дәстүр» бөлімінің жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы Әбілдаев пен Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы қатысты. Кездесу барысында имамдар ақсақалдар мен аналардың қоғамдағы орны, ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі және дін мен дәстүр сабақтастығы туралы тағылымды уағыз-насихат айтты.
Жылы жүздесу аясында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, елдің амандығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін дұға жасады. Осындай игі іс-шаралар жамағат арасындағы ауызбіршілік пен рухани байланысты нығайтатыны сөзсіз.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі