Center Image
IHSAN.KZ
Қарабас кентінде жазғы сауат ашу курсы басталды
Қарабас кентінде жазғы сауат ашу курсы басталды

«Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінде бастау алды.

Мешіт имамы Шарифулла Шадиевтің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан дәрісте шәкірттер «Имандылық әліппесі» кітабы бойынша сауат ашып, негізгі діни білім негіздерімен танысып жатыр.

Оқу барысында оқушыларға Құран әріптері мен тәжуид ережелері үйретіліп, әдеп пен имандылық тақырыптары қамтылып отыр.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz