Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу дәрісі көңілді өткізіледі.
Мешіт ұстаздарының қатысуымен өтіп жатқан сабақтарда шәкірттер діни біліммен қатар спорттық ойындарға да белсене қатысып, көңіл сергітеді.
Сонымен қатар олардың білімге деген құлшынысын арттыру мақсатында тәттілер үлестіріліп, ынталандыру жұмыстары қатар жүргізіліп келеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі