Қарағанды облысы мешіттерінің әйел-қыздар жамағаты облыстық волейбол турнирінде сайысқа түсті.
Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен спорттық іс-шараға өңір мешіттерінің белсенді әйел жамағаты қатысып, өзара достық пен ұйымшылдық үлгісін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде жүлделі I орынды Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің әйел-қыздар жамағаты иеленді.
Дене шынықтыру мен ауызбіршілікті арттыруды көздеген бұл турнирде қатысушы командалар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, шебер ойын өрнегін көрсетті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі