Қарағанды облысы, Саран қаласы Саран қалалық мешітінде ұстаз Руслан Сләмқұлұлының бастауымен Құран әліппесін сәтті тәмамдаған шәкірттермен бірге ақ дастархан басында рухани басқосу өткізілді.
Игі жиында қасиетті Құранның артықшылығы жайлы тағылымды уағыз-насихат айтылып, жүректерге иман нұры себілді.
Бұл басқосудың мақсаты – шәкірттеріміздің алған білімін құрметтеу, Құранмен өмір сүруге рухани серпін беру және асыл дініміздің мән-мағынасын жас жүректерге жеткізу болды.
Алла Тағала баршамызды Құранмен дос болған құлдарының қатарынан етсін!