Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде ұстаз Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен «Дұғам қабыл болсын» атты рухани-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара аясында мешітке жиналған балалар арасында бата сайысы ұйымдастырылды. Игі бастаманың басында ұстаз Әлия Рахманқызы батаның маңызы туралы уағыз айтып, балаларға рухани тәлім берді.
Сайыс барысында шәкірттер жаттаған ізгі баталарын жатқа айтып, имандылық пен тәрбиені ұштастырған әсерлі сөздерімен көрермен көңілінен шықты. Қазылар шешімімен үздік шыққан қатысушыларға І, ІІ, ІІІ орындар берілді.
Сайыс соңында барлық балаларға сыйлықтар үлестіріліп, байқау көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі